Шымкент. 25 қазан. 7kun.kz - 2017 жылдың тоғыз айында Қазақстан және Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 554 миллион долларды құрады, деп мәлімдеді ОҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Асқар Исахов.
Екі ел өкілдерінің кездесуінде Асқар Исахов Өзбекстан кәсіпкерлерінің Қазақстанда салық төлеу көрсеткіші 2016 жылдан 2 миллиард теңгеге артқандығын айтады.
«Әкімшілік кедергілер төмендемей екі ел арасындағы тауар айналымының артуы мүмкін емес. Қазақстан мен Өзбекстан шекаралардағы жүктерге бақылау жүргізу шарттарын келісу туралы конвенцияға қосылып үлгерді», - дейді Асқар Исахов.
Бұдан бөлек, екі ел кеденшілері сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың шекарадан өтуін жылдамдату туралы ортақ пікірге келді.
Дереккөзі: ҚазАқпарат
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024