Астана. 19 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанда жазда Хельсинки, Қытай, Варшава және Будапештке ұшатын жаңа халықаралық әуе рейстері ашылады. Бұл туралы инвестиция және даму вице-министрі Роман Скляр хабарлады.
Сонымен қатар, ол Астанадағы "ашық аспан" режимі ЭКСПО-дан кейін де жалғасуы мүмкін екендігін айтты.
"Өздеріңіз білетіндей, ЭКСПО көрмесі кезеңінде "ашық аспан" режимі іске қосылады. Барлық шетелдік тасымалдаушыларға аптасына 7 рейске дейін ұшу құқығы беріледі. Олардың ашылуы компаниялардың коммерциялық айындығына байанысты. Қазіргі уақытта жаңа бағытта ұшу үшін шетелдік тасымалдаушылар аккредитациядан өтеді", - деп атап өтті вице-министр.
Finnair компаниясы Хельсинкие аптасына екі рет ұшады. 29 мамырдан бастап LOT Polish Airlines Варшавадан аптасына 4 бағыт ашады. 7 маусымнан бастап Wizz Air Будапешттен екі рейс және Air China Пекиннен аптасына 3 рейс тасымалдайтын болады.
Сонымен қатар, Скляр көрмеге келген қонақтарды қабылдау үшін Астана әуежайында жолаушыларға арналған жаңа терминал қолданысқа енгізіледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024