Алматы. 30 наурыз. 7kun.kz - Қазақстанда қолма-қол ақша алу операцияларының көлемі қолма-қол емес төлемдерге қарағанда екі есе көп. Бұл туралы Kapital.kz хабарлады.
Қазақстанда қолма-қол емес төлемдер әлі де жалпылама сипат алған жоқ. Ulagat Consulting Group консалтингілік компаниясының директоры Марат Қайырленов оған үш фактор себеп болып отырғанын айтты. Ең біріншіден, бұл еліміздегі көлеңкелі экономиканың деңгейін көрсетеді. Сауда көлемінің біраз бөлігі "көлеңкемен" өтетін шағын және микробизнес дәстүрлі төлемнен қолма-қол төлемге ауысуға әлі де дайын емес. Себебі табыс көлемі "салықшыларға" айқын көрініп қалады. Мысалы, бізде сауданың жартысы базарда. Ал қазіргідей экономика өсімі баяу кезеңде қалыптасқан сауда құрылымындағы қолма-қол төлемді алмастыру қиынға соғады.
Екінші фактор ретінде экономист халықтың жұмыспен қаматамасыз етілуін айтты. Экономикалық белсенді азаматтардың 50 пайызы ғана тұрақты және "таза" табыс алып отыр. Бұлар - ірі және орта мекемелерде қызмет ететін адамдар. Тап осы категориядағы азаматтарды қолма-қол емес төлемдер жасауға тартуға болады.
"Үшінші фактор - картамен төлеу инфрақұрылымының дамуы. Бір жағынан кәсіпкерлер бұл технологияны енді ғана меңгеріп жатыр. Екінші жағынан сатып алушылардың "әдеттері" мен сатып алу құрылымдары бар (базар/дүкен) және т.б. Соңғы кездері банктер бонустар мен кешбэктер ұсыну арқылы клиенттерінің қолма-қол емес төлемдер туралы түсінігін өзгертіп жатыр", - деп түсіндірді экономист.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024