Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz — Кездесуге Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Вольфганг Бюхеле, «Кнауф» компаниясының иесі Николас Кнауф және Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Рольф Мафаэль қатысты, деп хабарлайды akorda.kz.
Мемлекет басшысы Астанаға іскерлік сапармен келген неміс бизнесмендеріне табыс тіледі.
"Астанаға қош келдіңіздер. Сіздердің делегацияларыңыз мықты құраммен келіпті. Сіздер Үкіметте кездесулер өткізіп, Қазақстанның бизнесмендерімен де жолығасыздар. Бұл кездесулердің жемісті болатынына сенімдімін", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті биылғы қазан айында Сочи қаласында Германия Федеративтік Республикасы іскер топтар өкілдерімен өткізген кездесуінің нәтижелі болғанын атап өтті.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан неміс компанияларының көп екенін айтып, екі елдің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына назар аударды.
Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Вольфганг Бюхеле кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Сочи қаласындағы келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға тоқталды.
"Қазақстан мен Германия арасында қарқынды экономикалық қарым-қатынас орнады. Оның дамуы 2017 жылы оң нәтиже көрсетіп отыр. Бұл ретте, Германияға Қазақстаннан келетін импорттың көлемі арта түскенін атап өткен жөн", – деді В.Бюхеле.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024