Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Ресейден келетін мұнай өнімдеріне шектеу қоймайды

Қазақстан Ресейден келетін мұнай өнімдеріне шектеу қоймайды

Ертерек көрсетілген көлемнің артып кеткеніне қарамастан Қазақстан Ресейден келетін мұнай өнімдеріне шектеу қоймайды деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев.

«Қазіргі таңда Ресейден келетін тауарлар бұрын индикативтік теңгеріммен қаралған көлемнен әлдеқайда асып түседі. Оған қоса, Ресейден келетін мұнай өнімдерін шектеу туралы шешім қабылданған жоқ және менің түсінгенімше, мұндай шектеу болмайды деп ойлаймын», - деді С.Мыңбаев дүйсенбі күні Астанада өткен брифингте.

«Егер Ресейден келетін мұнай өнімдерінің көлемі туралы айтатын болсақ, онда ол дәстүрлі түрде 1,8 млн тоннаның көлемінде болатын еді. Бұл көлем өз уақытында анықталды және ол жыл сайын индикативтік теңгеріммен расталып отырады, - деді ол.

Бұрынырақ «Коммерсант» газеті Қазақстан рубль құнсыздануының себебінен Ресейден келетін өте арзан бағаланатын тауарларды шектеу немесе тыйым салу туралы мәселені қарайды деп хабарлаған болатын.

Похожие материалы