Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан риелторларының табысы рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстан риелторларының табысы рекордтық көрсеткішке жетті

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - Қазақстан риелторлары 2017 жылы 76 миллиард теңге көлемінде рекордтық таза табыс тапты. Бұл туралы ranking.kz.хабарлады.

Оған себеп, тұрғын үй нарығындағы сұраныстың күрт артуы.

2017 жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанда 90,2 мың пәтер мен жеке үйлердің сатып алу және сату келісімдері жасалған. Бұл соңғы 5 жылдың қаңтар-наурызында жасалған  келісімдердің ең жоғары көрсеткіші. 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы  деңгеймен салыстырғанда, келісім саны бірден 27,5 пайызға көтерілді.

2016 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда кірістің жалпы көлемі 29,1 миллиард теңгені құрайды. Ол  биылғы жылмен салыстырғанда 2,6 есеге аз.

Жылжымайтын мүлікпен айналысатын ірі және орта кәсіпорындардың шығындары 12,7 млрд теңгеге азайды.  Сонымен қатар, Шағын секторлардың жылдық шығындары 155,5 млрд теңгеге төмендеген.

Похожие материалы