Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Сингапурдың жолымен жүреді

Қазақстан Сингапурдың жолымен жүреді

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жетекші экономикалар деңгейіне шығаратын "100 қадамды" ұсынды.

Астана -қаржылық, логистикалық, инновациялық, ғылыми-техникалық және мәдени ағындарды тудыратын негізгі дүниежүзілік орталықтардың бірі, әлем банкирлерінің, дипломаттары мен туристерінің шоғырланатын жері. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бағдарламасының барлық "100 қадамы" орындалғаннан кейін бұл футуристикалық көрініс жақын арадағы 15-20 жыл ішінде шынымен де орындалады. Заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, индустриаландыру мен экономикалық өсімге, "болашағы біртұтас ұлтты",  ашық есеп беретін мемлекетті құруға бағытталған бес институционалдық реформаны іске асыру жоспарланып отыр. Әзірше Қазақстан күту режмінде тұр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев барлық мемлекеттік аппаратты "тазартып", адамдарды лауазымдарға тек біліктілік пен сіңірген еңбегіне қарай іріктемек. Бұл кәсіби мемлекеттік аппараттың жаңа сапасын қалыптастыруды көздейтін бағдарламаның бірінші тармағы. Мемлекеттік қызметке қабылдауды төменгі лауазымнан бастау ұсынылып отыр. Яғни мемлекеттік қызметке алғаш келгендер бірден жоғары қызметке өте алмайды, жоғары лауазымға жету үшін карьералық баспалдақтың барлық сатыларынан өтуі тиіс болады. Сонымен қатар, міндетті сынақ мерзімі - жаңалықтардың бірі болмақ. Бұл ретте мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс нәтижелері бойынша жалақылары да жоғарылайды. Мамандардың айтуынша, республикада жаңа кадрлардың жетіспеушілігі болмайды. Себебі тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде президент Назарбаев студенттерді әлемнің үздік университеттеріне оқуға жіберуді ұсынған болатын. Бұл шара мемлекет есебінен, 1993 жылы бекітілген "Болашақ" атты бағдарлама бойынша жүзеге асырылған. Бір ғана шарт бар: ЖОО-ны аяқтаған соң студент Қазақстанға оралып, сол жерде өз білімін қолдануы тиіс. Осы уақыт ішінде білімді мамандардың легі қалыптасты, олар экономиканың, мемлекеттің бұрынғы үлгісі ескіргенін түсінеді және болашақта өз елдерінің Сингапур немесе Малайзияға ұқсас болатынына сенеді. Мемлекеттік қызметті ашық әрі бәсекеге қабілетті жүйе ету үшін бұл қызметке шетелдік менеджерлер, жеке сектордың дербес мамандары, сонымен қатар халықаралық ұйымдарда қызмет етуші Қазақстан азаматтары жұмылдырылады. Билік органдарына реформа жүргізу және есеп беретін әрі ашық мемлекеттік құру жоспарлары қызығушылық тудырады. Реформа сәтті іске асырылған жағдайда Қазақстан мемлекетті басқару сапасы бойынша аймақтағы көшбасшы мемлекеттердің біріне айналуы мүмкін. Ресей үшін бұл аймақта одақтас ретінде Қазақстан секілді заманауи әрі нәтижелі мемлекеттің болуы аса тиімді. Алайда барлық азаматтардың лауазым немесе туыстық байланыстардан тәуелді болмай, тең болуынсыз және заңның үстемдігісіз заманауи мемлекетті құру мүмкін емес. Президент Назарбаев дәл осы туралы талмай айтып келеді. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күресуге баса назар аударуда. "100 қадам" бағдарламасында жаңа заңнаманы әзірлеу, жемқорлық құқық бұзышулықтарының жүйелі негізде алдын алуға арналған жемқорлыққа қарсы арнайы бөлімше құру ұсынылып отыр. Жаңа реформалар сот жүйесін де қамтиды. Назарбаевтың тілегі бойынша, сот адам өз проблемаларын шеше алатын орынға айналуы тиіс. Алғашқы қадамдардың бірі - судьяларға, олардың біліктілігі мен тәжірибесіне қойылатын талаптарды жоғарылату. Айта кететін жайт, Назарбаевтың әріптесі әрі жақын досы Сингапур лидері Ли Куан Ю өз мемуарында ел құрылысы жемқорлықпен күресуден және сот жүйесінің реформасынан бастау алғандығын жазағн еді. Ол шешімдерді қабылдау рәсімін қарапайым етіп, заңдардың екі түрлі түсіндірілуінің жойылуына қол жеткізді, сонымен қатар сот реформасын жүргізді, соның нәтижесінде сот лауазымдарына үздік жеке адвокаттар жұмылдырылды. Табысты реформа елеусіз қалмады - Сингапур инвесторлар үшін тартымды өңірге айналды. Нұрсұлтан Назарбаев та осы жолмен жүріп келеді. Қазақстанда Англия құқығының принципері негізінде жеке юрисдикцияға ие тәуелсіз сот жүйесі құрылады. Сот корпусы бастапқыда шетелдік мамандардан қалыптастырылады. Мемлекет басшысының пікірінше, егер алғашқы екі қадам орындалса, яғни сапалы мемлекеттік басқару және сот билігі қамтамассыз етілсе, онда үшінші міндет те орындалады. Шағын және орта бизнес дами бастайды, индустриаландыру жүзеге асады, бұл экономикалық өсімді қамтамасыз етеді. Сонда "төртінші қадамға" өте беруге болады - "болашағы біртұтас ұлтты" қалыптастыру. "Егер барлығы мемлекетті басқаруға қатысып отырғанын, мемлекеттік аппарат пен соттар адамдардың мүддесін қорғап жатқанын білсе, онда қоғам біртұтас болады", - деп сендірді Назарбаев. Алайда ішкі өзгертулер - жобаның бір бөлігі ғана. Мақсат - Астанада қаржы орталығын құру және Қазақстан елордасын әлемнің ақпараттық, білім беру және ғылыми-мәдени орталықтардың біріне айналдыру. Сондай-ақ жоғары жылдамдықты "Еуразиялық Трансқұрлықтық Дәліздің" қазақстандық телімін салу, бұл дәліз Азиядан Еуропаға жүктің кедергісіз транзитін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл дәліз, Нұрсұлтан Назарбаевтың ойы бойынша, теңіз жолдарымен салыстырғанда жүк транзиті үшін қысқа әрі сенімді жол болмақ. Көлік дәлізі бірнеше бағытта өтеді. Бірінші бағыт - Қазақстан және Ресей аумағы арқылы. Екіншісі - Қазақстан аумағы арқылы Қорғастан Ақтау портына дейін, одан әрі Каспий теңізі арқылы Әзірбайжанға, содан соң Грузия арқылы. Алдағы үш жылда жаңа жолдарды, электр желілерін, коммуникацияларды салу үшін Қазақстан 14 миллиард долларды бөлуге әзір. Жобаны іске асыру үшін өткен жылы Қытайда құрылған Азияның инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің қаражаты тартылады. Маңызды қадамдардың бірі - Орталық Азия аймағы, Еуразиялық экономикалық одақ және барлық ТМД елдері үшін Астана халықаралық қаржы орталығын (AIFC) құру. Ол ASTANA EXPO 2017 инфрақұрылымының негізінде бой көтереді, оған арнайы статус берілетін болады. Астана Дубайдың қаржы орталығымен ислам банкингіне қатысты уағдаластыққа келіп үлгерген. Айтпақшы, қазіргі таңда батыс несиелерінен кенде қалған Ресей мұндай несиелерді ислам әлемінен алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Сбербанк басшысы Гермен Греф "капиталды тарту жөнінде араб инвесторларымен белсенді жұмыс жүргізіліп жатқаны" туралы хабарлаған-тын. Қазақстан арқылы Ресей ислам әлемі елдерінен несие алуы мүмкін дегенді жоққа шығармаймыз. Ресейдің ірі бизнесі үшін Қазақстанда экономиканың басым салаларында бірлескен кәсіпорындардың "зәкірлік инвесторлар" ретінде қатысудың жаңа мүмкіндігі пайда болуда. Екі инновациялық кластердің дамуы және Астананы Еуразияның іскерлік, мәдени және ғылыми орталыққа айналдыру Қазақстанды Еуразиялық экономикалық одақтың басты "локомотивтерінің" бірі, Орталық Азиядағы білім мен инновациялар жинақталатын жер етеді. Ресей бұл процестерден ұтылмайтыны анық. Феликс Песков, аймақтық сараптама институтының сарапшысы Аударған Алмас Өтебай "7"

Похожие материалы