Сингапурға салынған қазақстандық инвестициялардың жалпы көлемі 900 млн долларды құрайды. Бұл туралы бүгін қазақстандық-сингапурлық бизнес-форумда Инвестиция және даму министрлігіндегі инвестиция жөніндегі комитеттің төрағасы Ерлан Хаиров мәлімдеді.
"Сіздер экономикадағы жаһандық өзгерістер, кейбір аудандардағы тұрақсыз жағдайлар көптеген елдердің экономикасына әсер ететіндігін білесіздер. Қазақсан саясатты да, экономиканы да тұрақтандырып, өнеркәсіпті дамытуды мақсат етіп отыр. Бесжылдықтың екінші кезеңінде біз даму шарттарын жақсартуды жоспарлап отырмыз. Бізде Сингапур тәжірибесіне сүйеніп, инвестиция үшін жеңілдіктер жасалынып жатыр", - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ комитет басшысы сингапурлық компаниялармен серіктестік жалғастыруға ниетті екендігін білдірді.
«KAZNEX INVEST» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, 2005 пен 2014 жылдар аралығында Сингапурден Қазақстанға келген тікелей инвестициялардың көлемі 60,25 млн долларды құрайды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024