Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz - Global Fire Power рейтингісінде Қазақстандағы әскери қуат көрсеткіші 0,88 балмен бағаланып, 133 елдің арасынан 55-орынға шықты, деп хабарлайды LS.
Порталдың мәліметтері бойынша, 18 млн халықтың ішінде 106,5 мыңнан астамы әскери адам екені анықталды.
Оның ішінде, 74,5 мың адам - белсенді әскери қызметшілер, 32 мыңы – қордағы әскери қызметшілер.
Әуе күштерінде 239 әуе кемесі бар, оның 91-і жауынгер, 142-і шабуылдаушы ұшақ.
Сонымен қатар, Қазақстан әскері 300 жауынгерлік танк, 1600 брондалған автокөлікпен, 285 өздігінен жүретін артиллериямен және 393 зымыран проектормен жабдықталған.
Сонымен қатар, Қазақстанның мұнай қорлары рейтингте жоғары бағаланды. Себебі олар әскери әрекеттерді жүргізуде маңызды рөл атқарады.
Марокко мен Финляндия рейтингте Қазақстанның көршілері болды. Сонымен бірге, Қазақстан Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжаннан асып түсті. Беларусь пен Украина 49 және 30-орындарда орналасты.
Рейтингтің көшбасшысы АҚШ, екіншісі Ресей, үшінші орын Қытайға тиесілі. Алғашқы ондыққа Египет, Германия, Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Франция және Үндістан енді.