Қазақстан шетелге тауарларды арзанға сата бастады. Экспортталатын өнімдердің бағасы бір жыл ішінде (2015 жылдың тамыз айын 2014 жылдың тамыз айымен салыстырғанда) 26%-дан аса төмендеген. Бұл туралы LS хабарлайды.
Эксортталатын тауарлардың ішінде шикізаттың бағасы ең көп арзандады. Бір жыл ішінде 32,8%-ға, ал бір айда(2015 жылдың шілде-тамызында) -4,2%-ға төмендеген. Шикізатпен қоса көмірдің бағасы да 13,3%-ға, газды конденсаттың бағасы -10,4% -ға, мұнайдың бағасы- 7,9%-ға, алюминиидің бағасы -2,3%-ға арзандаған. Қазақстандық бидай экспортының бағасы 13,3% төмендеді. Сонымен қатар, бір ай ішінде, кейбір шикізат түрлерінің бағасы да қымбаттады. Қорғасынның бағасы (+11,2%), қара және түсті металдар бағасы (+2,6%), қара металдар прокаты (+0,8%) және мыстың бағасы (+0,6%) өсті. Импортталатын тауарларға келетін болсақ, олар 7,8%-ға төмендеді. Бір ай ішінде ең көп арзандаған кофе (-10%), көкөністер (-5,9%), сүт өнімдері (-3,7%), балық(-2,1%), өсімдік майы (-1,9%), шәй (-1,3%) және тауық еті (-1,2%). Ал импорттық маргарин бағасы- 4,1%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 3,7% -ға , тоқыма өнімі - 3,6%-ға , жемістер мен жаңғақтардың бағасы - 3,2 % -ға қымбаттады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024