"Қазақстан темір жолы" АҚ таза табысы 213 жылмен салыстырғанда 23,6%-ға азайды. 2013 жылы 101 млрд теңге болса, ағымдағы жылы 77,2 млрд теңге деп көрсетілген компанияның қаржылық есебінде.
Компанияның ЖІӨ 181,1 млрд теңгеден 175,4 млрд теңгеге түскен. Осылайша, аталған көрсеткіш 3,4 пайызға азайған. 2014 жылы операциялық табысы 2013 жылмен салыстырғанда 123,2 млрд теңгеден 119,1 млрд теңгеге түскен. Пайыздық көрсеткіші 3,3 пайызға қысқарған. Одан бөлек, есеп кезеңінде ақшалай түсім 706,64 млрд теңгеден 706,56 млрд теңгеге азайған. Компания активтері өз кезегінде, 2013 жылдың қорытындысы бойынша 1,756 трлн теңге болса, ағымдағы жылы ол көрсеткіш 32,4 пайызға өсіп, 2,324 трлн теңгеге өсті. Жеке капиталы 2014 жылы 1,22 трлн теңгеден 1,35 трлн теңгеге көтерілген. Өткен жылдың міндеттемелері 532,8 млрд теңгеден 976,1 млрд теңгеге өсім көрсеткен. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының жалғыз акционері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024