Экономика
Выбор редактора
"Қазақстан темір жолы" бірінші жартыжылдықта 20 млрд теңге шығынға ұшырады
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы 2015 жылдың 1 жартыжылдығында 20,4 млрд теңге көлемінде шығынға ұшырады. Ұйымның жылдық есебінде осындай мәлімет көрсетілген деп хабарлайды LS.
2014 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 12,6%-ға төмендеді. Салық шегеріліміне дейінгі компания шығыны 21 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың алғашқы 6 айына қарағанда 16,7% -ға төмен. Өз кезегінде жалпы табыс 2 есеге азайып, 110,9 млрд теңгеден 53 млрд теңгеге түсті. "Қазақстан темір жолының" түсімі 15 пайызға дейін қысқарып, 354 млрд теңгені құрады. 2015 жылдың 30 маусымындағы есеп бойынша компания активтері 2,803 трлн теңгені құрады. Жарты жыл ішінде жеке капитал 1,41 трлн теңгеден 1,407 трлн теңгеге дейін төмендеді. Есептік кезеңдегі міндеттеме 1,426 трлн теңгеден 1,396 трлн теңгеге дейін азайды. Компанияның негізгі акционері "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры болып табылады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024