Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан уран өндіруді қысқартады

Қазақстан уран өндіруді қысқартады

Астана. 10 қаңтар. 7kun.kz - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев уран нарығын қалпына келтірудің ұзаққа созылуына байланысты Қазақстанда 2017 жылға жоспарланған уран өндірісі шамамен 10%-ға қысқаратынын мәлімдеді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Қысқару 2017 жылдың жоспарлы өндірісіндегі 2000 тоннадан астам уранды (5 миллион фунттан астам U3O8) қамтиды. Тұтастай алғанда, ол жалпы әлемдік уран өндірудің 3%-на тең (UxC Consulting 2015 жылғы дерегіне негізделген).

Қазақстанда уран өндіруді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес және тәуелді кәсіпорындары шетелдік серіктестермен бірлесе жүргізеді. Әрбір кеніш пен бірлескен кәсіпорын үшін өндірістің нақты көлемі басқарушы органдардың тиісті шешімдерімен анықталып, бекітілген. Түрлі өндіруші кәсіпорындардағы қысқаратын өнім көлемінің бір-бірінен айырмашылығы бар, алайда компаниялар тобы бойынша жиынтық көрсеткіш 10%-дан аспайды.

Мұндай шешімдер уран нарығының қазіргі кездегі молығуына негізделіп қабылданды. Сондай-ақ, өндіріс деңгейіне жасалған түзетулер әр кәсіпорын өзі реттеп отыратын жер қойнауынан пайдалану келісімінің ережелеріне де толық сәйкес келеді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ осы қысқартуларды есептегеннің өзінде уран өндіру жөнінен әлемдік көшбасшы болып, бүкіл әлемде ядролық энегетиканың өсуін қолдауды жалғастыра береді. Аталмыш стратегиялық шешім компанияның клиентері алдындағы келісімшарттарын орындауына ешқандай әсер етпейді.

Похожие материалы