Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Қырғызстаннан электр энергиясын сатып алудан бас тартты

Қазақстан Қырғызстаннан электр энергиясын сатып алудан бас тартты

Алматы. 24 шілде. 7kun.kz - Қырғызстан мен Қазақстанның электроэнергия жеткізу мәселесі бойынша келіссөзі сәтсіз аяқталды. Бұл туралы  Қырғызстанның "Электрлік станциялар" ААҚ хабарлады.

Ал Өзбекстанмен ұзақ уақыт жүргізілген келіссөздер оң нәтижесін берді, мұнда 16 маусымнан бастап 2 цент бағасымен электр экспорты басталған.
Компанияның айтуынша, Тоқтұғұл су қоймасында судың шамадан асып кету қаупі болжамдалған болатын.
Алайда Тоқтұғұл су қоймасында судың тасып кетуін алдын алу үшін электроэнергия экспортының бұл көлемі жеткіліксіз. 2017 жылдың ІІ тоқсанындағы судың құйылуы 8 млрд метр кубты құрады. Ал норма бойынша - 4,98 млрд метр куб. Демек судың құйылуы көпжылдық орташа мөлшерден 62 пайызға көп.
Ұлттық энергия холдингінің мәліметінше, су рессурстарын ұтымды пайдалану үшін электрді экспорттау мәселесі 2017 жылдың ақпанын бастап талқыланып келеді. Судың шамадан толып кетуі жағдайында, техникалық тұрғыдан Тоқтұғұл СЭС-нан су жіберуге тура келеді.

Похожие материалы