Қазақстан юань девальвациясын тиімді пайдалана алады. IFC Markets сарапшысы Дмитрий Лукашов отандық экономиканың перспективаларын атады деп жазады LS. Оның сөзінше, юаньның құнсыздануын позитив экономикалық фактор деп атауға болады.
Юанның әлсізденуінен шикізат импорты қымбаттай түседі. "Қарапайым ғана байланыс бар. Қытай жағдайы жақсарған сайын ол көбірек шикізат сатып алады. Мұнай бағасы да қымбаттай түседі. Қытай экономикасының өсімі қазақстандық көмірсутекті шикізат құнының жоғары болуына да әсер етеді. Сарапшының сөзінше, қытайлық ұлттық валюта курсының әлсізденуі қара алтын бағасын тұрақтандыруға негізделген және теңгеге негативті ықпал ете қоймайды. "Финам" инвестициялық холдингінің сарапшысы Антон Сороконың айтуынша, юаньның құнсыздануын күшті деп есептеуге болмайды. Оның мәліметінше, көптеген еркін айырбасталанатын валюталар бір апта ішінде біршама қатты өзгереді. "Ұзақмерзімді перспективада теңге үшін қандай-да бір қауіп болады деп ойламаймын. Алайда инвесторлар қытайлық реттеуіштің шешіміне алаңдауы мүмкін деген болжам бар",- деп атап өтті ол. Сороконың сөзінше, Қытай Халық банкінің әрекеті белгілі бір деңгейде мәжбүрліктен туындаған шара деуге болады. Ол ҚХР-дың ішкі тұтынушыларын қолдайтын фактор болуы тиіс. Ал Saxo Bank сарапшысы Джон Хартер юанды девальвацияландыруға деген қажеттілік күн сайын өсе түсті де есептейді. "Егер Қытай экономикадағы инфляцияны арттыру үшін валютасының құнын түсіре берсе, әлемде дефляцияның жаңа толқыны пайда болуы мүмкін. Бұл көптеген елдердегі орталық банктердің саясатына әсер етеді", - дейді ол. Айта кетейік, кеше Қытай Халық банкі юаньның айырбастау бағамын өзгерту бойынша операциялардың аяқталғандығын мәлімдеді. Жалпы алғанда қытайлық валюта үш рет құнсызданып, америкалық долларға қатысты 3,5 пайызға төмен түсті.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024