Астана. 24 наурыз. 7kun.kz - GM Uzbekistan мен Allur Group серіктестік туралы келісімге қол қойды. Компаниялар Ravon Nexia R3 автокөлігін Қазақстанда құрастыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы LS хабарлады.
Өзбекстанның GM Uzbekistan жеңіл көлік өндіруші және экспорттаушы компаниясы мен қазақстандық Allur Group ортақ жобаны жүзеге асырмақ. Ravon Nexia R3 ірі блокты технология (SKD) арқылы құрастырылады. Жоспар бойынша, құрастыру жұмыстары Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтоПром» өндіріс алаңында жүзеге асады.
Алғашқы кезеңде Ravon Nexia R3 седанының SKD-өндірісі жылына үш мың автокөлік шығаратын болады. Кейіннен өндіріс жылына жеті мың көлікке дейін өседі.
Ravon Nexia R3 автокөліктерін құрастыру AllurAuto және «УзАвто Азия» компанияларының дилер желісі арқылы жүзеге асады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан 1 млрд долларлық келісім шартқа отырғандығын айтқанбыз.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024