Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Лондон қор биржасы 2015 жылдың 3 қарашасында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Ұлыбританияның инвесторлары мен эмитенттерінің капитал нарығына қол жеткізуін жеңілдетуге ықпал ететін меморандумға қол қойылды. Келісім Лондон қор биржасының негізгі нарығында қазақстандық компаниялардың акцияларын арттыру және қолдау көрсету мақсатында инвесторлар мен бағалы қағаздардың кәсіби қатысушыларын тарту, сондай-ақ "Астана" Халықаралық қаржы орталығын құру аясында KASE қызметін бірге арттыруды көздейді. Меморандумға ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлыбританияға сапары кезінде Лондон қор биржасының атынан Нихил Рати мен KASE Басқармасының төрағасы Есжан Біртанов қол қойды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024