Transparency International индексінің үкімет ашықтығы, сөз бостандығы, азаматтар құқықтарын қорғалуы, сот тәуелсіздігі сияқты өлшемдермен жасалғанын айтады. 2016 жылға арналған есепте Қазақстан 176 елдің ішінде 131-орында тұр. Бұл туралы azattyr.org жазды.
Transparency International (TI) жариялаған коррупция индексінде бұрынғы СССР елдерінің ішінде төрт мемлекеттің ғана коррупцияға қатысты көрсеткіштері жақсарған. Мәселен, Эстония 22-орын, Литва 38-орын, Грузия мен Латвия 44-орынға тұрақтаған.
Қазақстаннан жоғары Беларусь (79-орын) Армения (113-орын), Әзербайжан (123-орын), Молдова (123-орын) тұрса, Қазақстанның жанында Ресей мен Украина бар (131-орын). (Ал Қазақстанға берілген 29 ұпай тобына енген бес елдің қалған екеуі - Иран мен Непал).
Орталық Азияның қалған төрт мемлекеті Қырғызстан (136-орын), Тәжікстан (151-орын), Түркіменстан (154-орын), Өзбекстан (156-орын) тізімнің төменгі жағына орналасқан.
TI әлемдегі ешбір ел коррупциядан құлан-таза айықпағанын айтады. Бірақ зерттеуде 176 мемлекет коррупцияның қоғамға таралуы жағынан 176 орынға бөліп орналастырылған.TI рейтинг басында тұрған елдердің ашық үкімет орнату, сөз бостандығы мен азаматтардың құқықтарын қорғау, сот тәуелсіздігі сияқты өлшемдер жағынан озық екенін айтады.
Ұйымның қорытындылауына қарағанда, жүйелі коррупция мен әлеуметтік теңсіздік - бірін-бірі тудыратын жалғаспалы құбылыстар. TI коррупцияны негізінен билік пен байлықтың әділ бөлінбеуі, қоғам есебінен шағын топтардың баюы деп көрсетеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024