Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – 2018 жылы 1 наурызындағы есеп байынша, Қазақстанда Германияның қатысуымен шамамен 1 000-ға жуық заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер жұмыс істейді.
2005 жылдан бастап Германияның Қазақстанның экономикасына тікелей инвестиция көлемі 4,2 млрд АҚШ долларынан асқан.
Бұл деректер ҚР Инвестиция және даму министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров пен Орталық Азиядағы неміс экономикасының және Қазақстандағы неміс экономикасы одағының қазіргі төрағасы Йорг Хетчтың кездесуінде белгілі болды.
Кездесу барысында Йорг Хетч, болашақ кеңсе басшысы Роберт Брайтнерді Е. Хаировпен таныстырды, сондай-ақ қазақстан-герман ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды
Сондай-ақ, Ерлан Хаиров жемісті еңбегі үшін Йорг Хетчке алғысын білдіріп, екі елдің дамуына қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапатталды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024