Астана. 13 маусым. 7kun.kz - 2001 жылдан бастап Қазақстанның сыбайлас жемқорлықтан көрген материалдық залал 240 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев айтты, деп жазады қазақстандық БАҚ.
2001 жылдан бері Қазақстандағы жемқорлық шығыны 240 млрд теңгені құрады. 2016 жылдың соңында айыпталғандар саны 10 мыңнан асты. Алайда, осы шығынның 44 пайызы ғана өтелді.Сотталғандар саны жағынан орталық атқарушы органдардың арасында Ішкі істер министрлігі, қаржы, қорғаныс, әділет және ауыл шаруашылығы "көш бастап" тұр.
«2016 жылы ішкі істер министерлігіне қатысты 398 фактінің 50 пайызы жергілікті полиция қызметінің әрекеттерімен байланысты. Қаржы министрлігінің құрылымында сотталғандардың 86 пайызы кеден мен салық және экономикалық тергеу қызметкерлері. Бұл "2016 жылы бизнес-климат" зерттеуінің нәтижесі», – деп атап өтті Алик Шпекбаев.
Ол Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл аудандарын ең "жемқор өңір" деп көрсетті.
Сондай-ақ, Қазақстанда 2016 жылы 7 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталып, 90-ға жуық адам қамалған.
«Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қатысты 89 ұйымдасқан топтық құқық бұзушылықты әшкеріледі. 360 адам жауапқа тартылды. Қылмыстық схемалардың негізгі аудиторлары бухгалтерлік есеп комитеті, геология және жерқойнауын пайдалану комитеті қызметкерлері. Сондай-ақ, компания «Бәйтерек Даму» және ҚазақАвтоЖол топ-менеджерлері құрайды. Бұлардан, 20-дан астам адамдар жауапқа тартылды», - деді Шпекбаев.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024