2015-2016 оқу жылына ЖОО-да оқуға 32 мыңнан аса грант бөлінеді деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрілігі.
Алдағы аптада ҰБТ басталады. Жоғары ұпай жинаған талапкерлер 32168 гранттың бірін ұтып ала алады. Оның ішінде сырттай бөлімге 500 грант бөлінген. Грантқа түскендер еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындарында оқуға мүмкіндік алады. Биыл ұсынылатын мамандықтардың саны көбейтілген.
«Бірінші мамандық - исламтану, одан кейін медициналық-профилактикалық іс, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, автоматтандыру және басқару. Мемлекеттің дамуы үшін аталған мамандықтар өте қажет. Кадрларды дайындау осы жылы негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі. Яғни, елбасы бекіткен модернизация саясаты бойынша. Сонымен бірге, педагогикалық кадрларды даярлауға бас назар аударылады. Ауыл шаруашылық кешенінің кадрларын дайындауға да гранттар бөлінеді», — дейді Білім министрлігінің баспасөз-хатшысы Әлібек Шоқпаров.
Және де оқуға тапсырар кезде жеңілдіктер қарастырылған. Ол жеңілдіктерді жетім балалар мен ауылдық жерлердің түлектері пайдалана алады. Сонымен қатар, 209 грант шетелдік азаматтарға арналған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024