Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кіріс комитеті хабарлауынша, Қазақстанда бүгінгі таңда 285 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылған.
Сонымен қазақстандықтар бүгінге дейін 210,67 млрд теңгені құрайтын жылжымайтын мүлікті (оның ішінде құны 633,2 млн теңгені құрайтын шетелдік 14 нысан), 72,34 млрд теңге ақша қаражатын заңдастырған. Бұған дейін хабарлағандай, 2-шілдедегі көрсеткіш бойынша 173,8 млрд теңгенің жылжымайтын мүлкі мен 68,6 млрд теңгенің ақша қаражаты заңдастырылған болатын. Бұдан бөлек 1,5 млрд теңгенің құнды қағаздары заңдастырылды. Ал, бизнестегі заңдастырылған мүліктің мөлшері – 461 млн теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, мүлікті мемлекеттік заңдастыру науқаны 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталған болатын.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024