Алматы. 7 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың басынан бері Қазақстанда құны 2,92 млн теңге болатын 1,14 мың дана жасанды ақша анықталды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың 1,12 мыңы банкнота және 26 монета.
Дегенмен, банктің мәліметінше бұл көрсеткіш 2016 жылдың атаған мерзімінен қарағанда біршама төмен.
Ең көп кездесетін жасанды ақша 2 мың теңге номиналды банкнота. Саны - 766 дана немесе жалпы көрсеткіштің 68,2 пайызы. Одан кейін 1000 теңгелік номbналдар - 183 дана (16,3%), 10 мың теңгеліктер - 91 дана (8,1%) және 5000 теңгелік купюра - 45 дана (4,1%).
Ең аз кездесетін банкноталар, ол 500 теңгеліктер - 29 дана (2,5%) және 6 дана 200 теңге (0,5%). Ал 20 мың теңгелік жасанды купюраның 3 данасы (0,3%) анықталды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024