Елімізде мүлікті заңдастыру жалғасып жатыр. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Ұлттық банктің деректері бойынша, сомасы 80,5 млрд теңге ақшаны жария етуге 174 жинақ шот ашылған. Нәтижесінде ел экономикасы үшін шамамен 42 млрд теңге инвестицияланды.
Осы күнге дейін елімізде жалпы сомасы 290 млрд теңге болатын 42 мыңнан астам нысан жария етілді. Ал шет мемлекеттерде жалпы сомасы 677,5 млн теңгеге 27 нысан және бағалы қағаздар заңдастырылды.
Бұдан бөлек, бір ғана Астана бойынша сомасы 59 млн теңгені құрайтын 4 мыңнан астам нысанды заңдастыруға өтініш түскен. Ал қалалық жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияда 35 млн теңгеден астам қаражатқа 6 мыңға жуық тұрғын үй заңдастырылды. Сондай-ақ, жалпы сомасы 23 млн 651 мың теңгені құрайтын тұрғын үйге жатпайтын 6 мың нысан осы бағдарламаға енді. Фото: syrboyi.kz
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024