Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz — ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 15,8 млрд долларды құрады. Бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға жоғары көрсеткіш.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Kazakh Invest» АҚ-мен бірлесіп, жалпы құны $47,8 млрд доллар болатын, іске асырылып жатқан 145 инвестициялық жобаның негізгі тізімін қалыптастырды. Оған барлық елдің ынтымақтастық бағдарламалары аясындағы жобалар, соның ішінде қазақстандық–қытай, қазақстандық–түрік және басқа да инвестициялық жобалар кірді.
2018 жылы жалпы 145 жобаның 1,6 млрд доллар сомасына 15 жобаның құрылысын бастау жоспарланып отыр. Келешекте халықаралық қаржы институттарының қаражаттары тартылатын жобалар, оның ішінде МЖӘ жобалары тізімге қосылады.
2018 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Ұлттық инвестициялық стратегияны іске асырудың белсенді кезеңіне көшеді. 2018 жылы 45 іс-шараны орындау көзделген.
Инвестицияларды сыртқы деңгейде тарту жөніндегі жұмысты күшейту мақсатында инвесторлармен мақсатты жұмыс істеу үшін 10 басым елдерде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялық кеңесшілер желісін өрістету бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024