Алматы. 24 қазан. 7kun.kz - Қазақстанда көпдеңгейлі аграрлық несие жүйесін немесе аграрлық банкті құру қажет. Бұл туралы Мәжілісте аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Сапархан Омаров мәлімдеді.
Комитет төрағасы ауыл шаруашылығы субьектілерін өте төмен деңгейде қаржыландырылуына несие алу мен өнімді адал сату әсер ететіндігін айтады.
Сонымен қатар, банк секторының тарапынан АӨК субъектілерін қаржыландыру көлемі төмендеген. Қаржыландырудың төмендеуі сапа мен саны жағынан да байқалады.
Банктік несиелердің ауыл шаруашылығының үлесі жылдық көлемде 2011 жылы 7,5 есеге, 2016 жылы 2,5 есеге түскен.
«Әлемдік тәжірибеде мұндай мәселені мамандандырылған аграрлық банктер, кооперативтік банктер жүйесі, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік түріндегі банктер шешеді. Қазақстанға да ауыл шаруашылығын несиелендірудің көпдеңгейлі жүйесін енгізудің уақыты келді», - дейді ол.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024