Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанның ауыл, балық, орман шаруашылығына 252,9 млрд теңге инвестиция салынған. Көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 51,4%-ға жоғары. Бұл туралы ranking.kz сараптама агенттігі хабарлады.
Инвестицияның ең көп бөлігі Солтүстік Қазақстан (56,8 млрд тг, +28,5%), Ақмола (51,7%) және Қостанай облысына тиесілі(35,3 млрд тг, +31,1%). Аталған облыстар ауыл шаруашылығы бойынша маманданған солтүсік макроаймақтар қатарына жатады. Осылайша, бұл өңірлер дәнді және бұршақ дақылдарының жалпы түсімінің 71%-ын, қысқы және көктемгі бидай өнімдері түсімінің 80%-ын қамтамасыз етті.
Бұдан бұрын 2015 жылғы ауыл шаруашылығына салынған инвестция көлемі 5,4%-ға азайған болатын. Ал агроөндіріс кешенінің үлесі 2,3%-ды құрады. Алайда 2016 жылдың қорытындысы бойынша аталған саланың инвестиция портфелі 3,3%-ға өскен.
Енді алдағы уақытта аграрлық секторды экономиканың жаңа көрсеткіші ретінде дамыту үшін аграрлық ғылыми зерттеу жұмыстарына инвестиция көлемін арттыру жоспарланып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024