
Қазақстанда агроөндіріс кешені мен азық-түлік өндірісінің қолдауы арқылы ALMEX-Baiterek Fund тікелей инвестициялар қоры құрылады. Қор көлемі 18,6 млрд теңгені құрайды деп хабарлайды LS "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қор әрекетінің нәтижесінде қазақстандық агроөндіріс кешені мен азық-түлік өндіріс секторындағы компаниялардың жеке даму мүмкіндігі пайда болмақ. Бұған капитал құрылымының жақсаруы мен борышкерлік жүк салмағының төмендеу мүмкіндігі және әлемдік корпоративті басқару тәжірибесін енгізу арқылы бизнестің тиімділігін арттыру үшін кәсіби команданың араласуы себеп болды", -деп атап өтілген хабарламада.
Қордың инвесторлары - "Бәйтерек" ұлттық холдингінің еншілес компаниясы "Қазына Капитал Менеджмент" және "Алмэкс" тобына кіретін "Алмэкс Проект" компаниясы. Алдағы уақытта тартылатын басқа да инвесторлардың қаржылары арқылы қор капиталы ұлғая түспек.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025