Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда қауіпсіз қалалар тізімі анықталды

Қазақстанда қауіпсіз қалалар тізімі анықталды
Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz - Қазақстандықтардың пікірі бойынша Астана қауіпсіз  қалалардың бестігіне кіреді, ал Алматы рейтингтің төменгі жағында орналасқан.  Қазақстандағы танымал OLX хабарландыру сервисі пайдаланушыларының сауалнамасы бойынша, еліміздегі 20 қаладағы өмір сүру сапасы анықталды. Респонденттер 1 баллдан 7 баллға дейін бағалай отырып, тұрғындардан өз қаласының  қаншалықты таза, қауіпсіз екендігіне талдау жүргізді. Қаланың қауіпсіздігінен бөлек респондеттер қоршаған ортаны ластау деңгейі, көлік және сауда инфрақұрылымдарының дамуы, бос уақытын және балалармен серуендеу орындарының сапасы, коммуналдық қызметтер деңгейін бағалады. Сауалнаманың қорытындысы бойынша неғұрлым қауіпсіз Қызылорда қаласы - 4,8 балл. Бағалау тым жоғары болмаса да, жергілікті тұрғындар кешкі уақытта көшеге шығуға корықпайтынын айтты. Сәл төмен көрсеткішпен Қостанай қаласы - 4,7 балл. Ал үшінші рейтингте бірден үш қала - 4,6 баллмен Көкшетау, Атырау, Ақтау қалалары орын алды. Артынан көшбасшы ондыққа кірген Шымкент, Орал қалалары - 4,5 балл. Талдықорған және Павлодар қалалары – 4,3 балл болса, нашар бағалау бойынша қауіпсіздік жанған қалалар Теміртау, Рудный – 3,1-3,4 балл. Алматы 3,7 баллмен бағалады. Қала тұрғындары орталық көшелерде жарықтандырудың жетіспеушілігіне шағымдануда. Сондай-ақ  қараңғы көшелерде жүру қауіпті екенін атап өтті. Сұралғандардың пікірі бойынша, Астана жоғары рейтингті қауіпсіз қалалардың қатарына кірмеді – 4,3 балл.

Әйгерім Рахметова "7"

Похожие материалы