Алматы. 24 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда көлік құралдарына арналған артқы көрініс айналарының импорты 32,5%-ға артты, деп хабарлайды LS.
2018 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанға жалпы сомасы $378,3 болатын көлік құралдарына арналған артқы көрініс айналары жеткізілген.
Ең көп жеткізуші елдер көшін Қытай бастап тұр - $175 мың. Сондай-ақ, Ресейден $99,1 мың, Жапониядан - $35,3 мың, АҚШ-тан - $13,4 мың және Кореядан - $12,7 мыңды құрайтын сомаға өнімдер әкелінген.
Бір айта кетерлігі, 2017 жылдың осы мерзімі ішінде Қазақстан $285,5 мыңға автокөліктің артқы көрініс айналарын сатып алған. Осылайша, импорт өсімі 32,5% құрап отыр.
Қытай импортының көлемі екі еседен астам өсіп, есептік мерзім ішінде $76,1 мыңнан $175 мыңға дейін жеткен. Сонымен қатар аталған өнімді Кореядан ($8,7 мыңнан $12,7 мыңға дейін) және Жапониядан ($23,1 мыңнан $35,3 мыңға дейін) жеткізу көлемі бір жарым есеге жуық өсті.
Ал, АҚШ-тан келетін импорт көлемі 36,5% ға төмендеп, есептік мерзім ішінде $21,1 мыңнан $13,4 мыңға дейін түсіп кеткен. Ресейден келетін өнім көрсеткіші 5,6%-ға - $105 мыңнан $99,1мыңға дейін кеміді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024