Алматы. 26 тамыз. 7kun.kz - Жыл басынан бері «Өрлеу» бағдарламасына 122,9 мың адам қатысты. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта Астана және Алматы қалаларымен қатар, 14 облыстың барлығында «Өрлеу» бағдарламасы кеңінен жүргізіліп жатыр. 1 тамыздағы жағдайға сәйкес, аталған жобаға қатысушылар саны 122,9 мыңға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3 есе артық.
Жоба жүзеге асырылған уақыт аралығында, оған қатысушылар кірісі 3 есе өсті. Сәйкесінше, еліміз бойынша аз қамтылған отбасылардың қатары азайғаны байқалды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек департаментінің директоры Арман Өмірбаевтің айтуынша, «Өрлеу» бағдарламасына елдің барлық аудан-қаласынан 150 мыңға жуық аз қамтылған отбасыны тарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа бюджеттен 7 млрд теңге қарастырылған.
«Ерекше атап өткен жөн, жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушы отбасылардың атаулы көмекпен қоса еңбекке жарамды мүшелері үшін оқу ақысын өтеу, әлеуметтік жұмыс орындарындағы жалақыға 35 пайыз субсидия, жоғары оқу орындарын бітірушілерге арналған ақылы тәжірибеден өту және дербес кәсіп ашуға несие сынды мемлекеттік көмек түрлерін алуға мүмкіндігі бар», - деді Министрлік өкілі.
Айта кетейік, «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы – бұл әлеуметтік келісімшарт негізіндегі қаржылай көмек көрсету шараларының кешені. Аталған жоба атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) жаңа үлгісін қалыптастырып, табыс көзі төмен азаматтарды қолдауға бағытталған. Жаңа сипаттағы АӘК жан басына шаққандағы күнкөріс деңгейі 50 пайыздан төмен болатын отбасыларға арналған. Бағдарлама 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асады.
Дереккөз: abctv.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024