Экономика
Выбор редактора
Қазақстанда азаматтық авиация саласын қадағалау және бақылау жөніндегі ұлттық компания құрылады
Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстандағы азаматтық авиация саласындағы бақылау және қадағалау функцияларының бір бөлігі арнайы сол үшін құрылған ұлттық компанияға беріледі, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
«Біз британдық модельді (азаматтық авиацияны реттеу - ИФ-К) жүзеге асырудың тәсілдерін әзірледік. Ол - ұшу қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау функцияларын басқарудың ұлттық заңнамасына сәйкес, азаматтық қадағалау және бақылау үшін ұлттық құрылым түрінде Министрліктің алдында жауап беретін авиация», - деді Ж. Қасымбек сейсенбіде Астанада өткен үкімет отырысында.
Оның айтуынша, инспекторлар тектес қызметкерлер құрамының бір бөлігі ұлттық компанияға берілетін болады.
«Министрлік мемлекеттік саясатты қалыптастыру (азаматтық авиация саласында - ИФ-К) функцияларын сақтайды», - деді Инвестициялар және даму министрі.
Ол 2017 жылы 5 авиациялық оқиға болып, оның әсерінен 11 адам қаза болғанын еске салды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024