Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz - 2017 жылдың сәуірінде отандық киімдер, темекі және текстиль өнімдерінің бағасы наурыздағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,2 пайызға арзандады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Өндірістік тауарлар бағасы бір айда 2,5 пайызға, өндірістік сипаттағы қызметтер құны 1 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, аралық тұтыну өнімдері (өнім шығаруға қажетті құрылғылар) 3 пайызға, тұтынушы тауарлары 0,2 пайызға арзандады. Ал шикізат керісінше 1,6 пайызға қымбаттаған. Тау-кен өндірісі (4%), табиғи газ (4,9%), метал рудасы (1,2%) және көмір өндірісінде (1,1%) де бағаның төмендеуі байқалды.Өңдеу кәсіпорындарында баға орта есеппен 0,3 пайызға, азық-түлік өнімдері 0,5 пайызға, киім-кешек 9,5 пайызға, темекі өнімдері 3,7 пайызға арзандаған. Ал сусындар бағасы керісінше 2,1 пайызға, мұнай өнімдері - 1,3 пайызға қымбаттады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024