Алматы. 3 маусым. 7kun.kz - 2017 жылы маусымда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 9,7 пайызға қымбаттады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, кофе, шай және какао - 20,5 пайызға, жемістер мен көкөністер - 17,3 пайыз, кондитерлік өнімдер - 11,8 пайызға, тоқаш және ұн өнімдері - 8,6 пайызға, сүт өнімдері - 8,4 пайызға қымбаттады. Ал алкоголь ішімдіктердің бағасы 9,3 пайызға, балық және теңіз өнімдерінің бағасы 7,6 пайызға өскен. Сонымен қатар, нан (7,4%), ұн (5,5%), май (3,8%) және қанттың (1,1%) құны артқан.
Ал жармалар керісінше 2,1 пайызға арзандаған. Ет және ет өнімдері болса 10,3 пайыз ға қымбаттады. Оның ішінде сиыр етінің баға өсімі 12,9 пайызды, қой етінікі - 12,1 пайызды, құс етінікі - 11,6 пайызды, шошқа етінікі 9 пайызды, жылқы етінікі 7,1 пайызды және шұжық өнімдерінің баға өсімі 5,6 пайызды құрады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024