Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда банк шотынан қолма-қол ақша алуға байланысты шектеу енгізілмек

Қазақстанда банк шотынан қолма-қол ақша алуға байланысты шектеу енгізілмек

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік табыс комитеті жеке және заңды тұлғалар үшін банк есепшоттарынан қолма-қол ақша алуда біраз шектеулер енгізді.  Бұл шектеулер фирмалар мен жеке кәсіпкерлерге де қатысты.

Жеке тұлғалар айына 3 мың айлық есеп көрсеткіші (АЕК) бойынша, заңды тұлғалар үшін бұл сома 10 мың АЕК болмақ. Яғни, жеке тұлғалар шамамен 32 мың АҚШ долларына дейін, заңды тұлғалар - 100 мың АҚШ долларына дейінгі қаражатты есепшоттан шешіп ала алады. Заң жобасының авторларының айтуынша, бұл жоба енгізілген соң көлеңкелі айналымға мүмкіндік болмай, жемқорлық мөлшері азаяды деп отыр. Қазақстанттың Ұлттық экономика министрлігі ақпан айында-ақ жылжымайтынг мүлік пен көлік сатып алуда қолма-қол ақшамен есептесуге кейбір өзгерістер енгізетіндігін айтқан еді. Үкіметте аталған төлемдер қолма-қол ақшасыз өтуі тиіс дейді. Себебі, бұл жағдайда тонау мен алаяқтықтан алыс боламыз. Экономика министрі Ерболат Досаевтың ақпаратынша, Қазақстандағы сатылатын жылжымайтын мүліктердің 90 пайызға жуығы тек қана қолма-қол ақшамен жүргізіледі.

Похожие материалы