Астана. 22 қыркүйек. 7kun.kz - Банкроттық туралы заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, банкрот кәсіпорынды толық меншіктік кешен атауы және тауарлық белгісімен сатып алуға болады, сонымен қатар, оның жаңа меншік иесі атануға болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Салықтық бақылау департаментінің директоры Ерлан Нұрланбаев мәлімдеді, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.
«Заңға сәйкес, банкрот кәсіпорынды толық меншіктік кешен атауымен және тауарлық белгісімен сатып алуға болады және оның жаңа меншік иесі атануға болады. Барлық несие берушілермен есептескеннен кейін, кәсіпорынның банкроттық мәртебесі алынып тасталынады», - деп мәлімдеді Е.Нұрланбаев.