Алматы. 9 шілде. 7kun.kz - Ұлттық Банк +/-1% деңгейдегі пайыздық мөлшерлемелер дәлізімен базалық мөлшерлемені 9% деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев Алматы өткен брифингте айтты.
Өтімділік беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейде сақталған.
Ресми қайта қаржыландыру ставкасы да базалық мөлшерлеме деңгейінде сақталған – 9%.
Ол Қазақстан Ұлттық Банкінің инфляция деңгейінің және инфляциялық күтулердің біртіндеп баяулауын атап өтетінін айтты.
«Базалық мөлшерлеменің деңгейін сақтау туралы шешім көп жағдайда инфляциялық тәуекелдерді іске асыруға ықпал ететін факторлардың әсеріне байланысты болды. Осындай тәуекелдер әсіресе сыртқы секторда және бюджет саясатында байқалады», - деді Д. Ақышев.
Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2018 жылғы 3 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 17:00-де жарияланады.