Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда бизнеске арналған рұқсат құжаттардың саны 52%-ға қысқартылмақ

Қазақстанда бизнеске арналған рұқсат құжаттардың саны 52%-ға қысқартылмақ

Қазақстанда бизнеске арналған рұқсат құжаттардың санын 52%-ға қысқарту ұсынылып отыр деп хабарлады дүйсенбі күні Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі мекемеаралық комиссиясының кезекті отырысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтті. Отырысқа ҚР парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, Ұлттық банк пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты.

"Сарапшылар тобының ІІД, МСМ, БҒМ, ҰБ және өзге органдардың 134 рұқсат қағазын қысқарту және жеңілдету жөніндегі ұсыныстары қарастырылды және мақұлданды. Қысқартуға жалпы алғанда 367 рұқсаттама ұсынылды, бұл олардың жалпы санының 52%-ы", - деп айтылады хабарламада.

Ақпарат көзі: newskaz.kz

Похожие материалы