Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің жағдайын жақсартатын жол тапты. Бірінші шілдеден бастап бюджеттік сыныптама кодтарының (БСК) саны шамамен екі есе, 208-ден 89-ға дейін азаяды.
"Қазіргі таңда бізде мемлекеттік кірістер комитетінің органдарында 208 бюджеттік сыныптама коды бар. 1 шілдедені бастап оладың тек 89-ы қалады. Шамамен 119 кодты қысқартамыз", - деп хабарлады бейсенбі күні комитетте өткен брифингте қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бастшысы Нұрлан Рақымғалиев. Атап айтқанда, кедендік салықтық қызметтер бойынша 162 БСК-ның 64-і қалады, кеден төлемдері бойынша 46 БСК-ның 25 коды ғана сақталады. Мемлекеттік баж бойынша 24 кодтың үшеуі ғана қалады, жер салығы бойынша 8 код 2 кодқа дейін (елді мекеннің жер салығы және заңды тұлғалардың жер салығы) қысқарады және корпоративтік салық бойынша да тек екі код қалады. "БСК қысқаруы мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне оң әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда тексеру қорытындысы бойынша жылына төлемдерді анықтау бойынша шамамен 2,5 млн жүгінулер айқындалып тұр. Бізге шамамен 50 мың өтінім келіп түседі және біз бір кодтан басқа төлемдерге өткіземіз", - деп түсіндірді Н.Рақымғалиев. Сондай-ақ, оның айтуыша, кодтардың қысқаруы, жалпы алғанда, халық пен бизнес үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге әсер етеді, барлық мемлекеттік органдардың жұмысын біршама оңтайландырады және ақпараттық жүйеге түсетін жүктемені төмендетеді. Ал заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар үшін бұл "бюджетпен арадағы өзара есеп айырысуды жеңілдетуге" мүмкіндік береді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024