Қазақстанда 2023 жылы дизель тапшылығы болуы мүмкін. Бұл туралы Астанадағы брифинг кезінде энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.
"2023 жылы 1-1,5 млн тонна дизель жетіспейді деген болжам бар. Оны болдырмас үшін қазір жаңа зауыт туралы ойлану қажет. Сонымен қатар, құрылыс алаңын, инвесторлар тауып, бұл жобаның экономикалық пайдалы болуын да ескеру керек", - деп атап өтті ол. Вице-министрдің атап өтуінше, 2017 жылы Қазақстандағы барлық мұнай өңдеуші зауыттарды (МӨЗ) қайта жөндеуден өткізгеннен кейін ішкі нарықты жанармаймен қамтамасыз етуге болады. Төртінші МӨЗ-дің құрылысы кезінде үкіметтік комиссия әкімшілік пен компаниялардың ұсыныстарын қарастыратын болады. "Бірінші кезекте таза экономикалық жағын назарға аламыз. Сондай-ақ, мұнаймен қамтамасыз ету және логистика мәселелері қаралатын болады. Мұнай өнімдерін экспортқа шығару мүмкіндіктерін елеусіз қалдырмаймыз", - деді вице-министр. Айта кетейік, осыған дейін энергетика министрі Владимир Школьник төртінші МӨЗ-дің орны мен құрылыс мерзімі 2015 жылдың соңына қарай белгілі болады деп хабарлаған еді. Kazenergy ассоциациясының төрағасы Әсет Мағауовтың сөзінше, жаңа зауытты қытайлық CNPC компаниясы салуы мүмкін.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024