Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда егіс науқаны басталды

Қазақстанда егіс науқаны басталды

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі 21,5 млн га, оның ішінде астыққа бөлінетіні 15,2 млн га. Егіс науқанының алғашқы күндері Қазақстанның оңтүстігінде 160 мың га игерілді деп хабарлады ОКҚ-да өткен брифинг алдында ауыл шауарышылық министрілігің баспасөз қызметі.

"Облыстардың ауыл шаруашылық басқармаларының бастапқы деректері бойынша, 2015 жылы ауыл шаруашылық дақылдарын 21,5 млн га аумаққа орналастыру жоспарланып отыр, бұл 2014 жылдың деңгейінен 0,1 млн га артық. Көктемгі егістік аумақтары 18,5 млн га деңгейінде жоспарлануда, астық дақылдары 15,2 млн га аумақта орналастырылады, оның ішінде бидай - шамамен 12,2 млн га", - деді брифинг барысында ауыл шаруашылық вице-министрі Сапархан Омаров.

Оның айтуынша, зәйтүн дақылдарын 2,2 млн га жерде орналастыру жоспарлануда, мал азығы - 3,7 млн га. Бұл ретте, баспасөз қызметінінің мәлімдеуінше, бидай егістіктері осы жылы 235 мың га-ға, күріштікі 8,5 мың га-ға азаяды.

"Сонымен қатар мал азығы, бұршақты және жарма дақылдарына бөлінетін аумақтар 103 мың га-ға артады", - деп мәлімдеді С.Омаров.

Вице-министр осы жылы көктемгі егіс жұмыстарына 60 млрд теңге бөлінгендігін, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 млрд артық екендігін еске салды.

Похожие материалы