Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанда литий-иондық батареялар үшін шикізат алу сынағы сәтті өтті, деп хабарлайды Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік.
Жобаның жалпы сомасы – 26,3 млн теңге. Оның ішінде агенттік 21 миллион теңге көлемінде инновациялық грант бөлді. Грант алушы қаражаты 5,2 млн теңгені құрайды.
Жобаның басты мақсаты - литий сілтілі концентратынан сульфатты және күкірт қышқылы әдістерімен литий карбонатын алу, қоспалардан кейінгі техникалық литий карбонатын өңдеудің ықтимал әдістерін талдау және тазартудың оңтайлы нұсқасын таңдау.
«Қазіргі уақытта литий – иондық батареяларға арналып, акумуляторлар сортындағы литий карбонаттардың тәжірибелі-өндірістік үлгілері жасалынды. Литий карбонатының мөлшері 99 пайыздан кем емес екенін растайтын қажетті сынақтар өткізілді. Аккумуляторлық сорттағы литий карбонатының өндірістік-тәжірибелік сертификаты берілді», - деді Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік.
Қания Табыс
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!