Астана. 2 маусым. 7kun.kz - Қазақстанда осы жылдың аяғында Еуро-5 стандартты бензин шығарыла бастайды. Бұл туралы Астанада өткен брифинг барысында Қазақстан Даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары Ринат Сисембаев хабарлады.
"Қазақстан Даму банкі мен "Конденсат" компаниясы Еуро-5 стандарттарына сәйкес келетін К5 экологиялық класындағы АИ-92, АИ-95 маркалы бензинді шығаруды қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. Жоба құны - 200 млн доллар, оның 60%-ын алты жылдық мерзімге Қазақстан Даму банкі бөлетін болады", - деп мәлімдеді Р.Сисембаев.
Қаражат жабдық сатып алуға, сонымен қатар құрылыс-монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарына жұмсалады. Қалған сома компанияның жеке қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Жобаның жоспардағы қуаты - жылына АИ-92 маркалы бензиннің 114 мың тоннасы және АИ-9 маркалы бензиннің 86 мың тоннасы. Өндірістің орналасатын жері - Батыс Қазақстан облысы.
"Біз бұл жобаға сенеміз, ел үшін стратегиялық тұрғыда маңызды жобалардың бірі деп есептейміз. Себебі бұл жоба Қазақстандағы мотор отыны бойынша қазіргі жетіспеушіліктің орнын толтырады. Сондай-ақ көрші елдерден болатын импорты қысқартып, нарықтағы дайын өнімдердің қатарын кеңейтеді", - деді Р.Сисембаев.
"Конденсат" компаниясының бас директоры Фарид Бахтиозиннің айтуынша, шығарылатын өнім облыс аясында, сонымен қатар жақын жатқан аймақтарға жеткізілетін болады.
"Бастапыда біз барлық өнімді ішкі нарықта өткіземіз деп есептедік. Ресей нарығына шығуды келешек жоспарларға қостық, ол үшін Қазақстандағы басқа зауыттардың модернизациясы аяқталуы тиіс", - деп түсіндірді Ф.Бахтиозин.
Оның айтуынша, зауытта қазақстандық және ресейлік, сондай-ақ Қарашығанақ кен орнының шикізаты пайдаланылады.
"Әрдайым шикізатты нарықтық бағамен аламыз. Және Қарашығанақ шикізаты жеткізіледі деп ойлаймыз. Біз Қарашаған шикізтын аламыз, мұнда көбінесе техникалық мәселелер туындайды. Яғни, оларда жеткізу мүмкіндігі туындағанда, біз бұл шикізатты қолайлы бағамен аламыз", - деп түсіндірді ол.
Бұл ретте компания басшысы өнімдерінің құны нарықтық бағадан төмен болатынын айтты.
"Жобаның бір бөлігін Қазақстан Даму банкі қаржыландырып отыр. Әрине міндеттемелер болады. Бізі шынымен де бұл облыс үшін қол жетімді болады деп есептейміз", - деп түйіндеді Ф.Бахтиозин.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024