
Алматы. 24 шілде. 7kun.kz - Қазақстанда инновациялық жобаларды гранттық қаржыландырудың жаңа бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Бұл туралы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ның басқарма төрағасы Марат Омаров хабарлады.
Инновациялық гранттарға өтініштер 2017 жылдың 2 тамызынан бастап 2 қазан аралығында қағаз және электронды түрде қабылданады.
"Инновациялық жобаларға берілетін гранттардың үш категориясы бар: біріншісінде - кәсіпорындардың техникалық дамуын қарастырады. Мұнда қаржының 70 пайызы - шығындарға, 50 пайызы - техникалық жабдықтарға бөлінеді. Бұл гранттың ақшалай сомасы - 400 млн теңгеден аспауы керек.
Екінші категория - технологияны дамытуға бағытталған жоба. Лицензиялық шарт бойынша қаржыландыру - 70 пайызды құрайды. 50 - пайызы құрал-жабдықтарды жеткізуге, 85 пайызы - технология қызметін жоғарылату үшін бөлінеді.
Үшінші категория - технологияларды коммерциялауға бағытталған жоба. Грант көлемі - 50 пайызды құрайды. Ақшалай түрде 200 млн теңге.",- деді Марат Омаров.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025