Астана. 24 ақпан. 7kun.kz - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов қазақстандықтарға арзан ипотека берудің жаңа механизмін түсіндірді.
«Мемлекет ипотеканың құнын азайту үшін жаңадан салынған үйлерден пәтер сатып аламын деген кісілерге 10 пайызбен, ал жеке үй саламын деген азаматтарға 5 пайызбен ипотека береді. Бұл ипотекалар «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы субсидияланады», - деді Мархабат Жайымбетов.
Түсіндіре кетсек, «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» қазір еліміздегі екінші деңгейлі банктермен келіссөз жүргізіп жатыр. Мархабат Жайымбетовтің айтуынша, олар (құрылыс комитеті мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы - ред.) екінші деңгейлі банктерді 17 пайызбен ипотека беруге көндіріп жатыр. Бұған келіскен банктердің берген 17 пайыздық ипотекасының 7 пайызын мемлекет субсидиялайды да, азаматқа қалған 10 пайызы қалады. Жеке тұрғын үй саламын деген азаматтарға да тура осы механизмнен өту керек. Жеке үй саламын деген азаматтар үшін бұдан да аз пайыз, яғни, 5 пайыз көзделген.
«Осы ипотеканы субсидиялау үшін 10 млрд теңге көзделіп отыр. Осындай субсидиялаудың арқасында 600 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр», - деді Жайымбетов. Бұл жеңілдікке Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары ғана ие бола алады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024