Астана. 11 ақпан. 7kun.kz - ҚР Әділет министрлігі әкімшілік құқық бұзушылықтың 150 түрі бойынша айыппұл мөлшерін азайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство министрі Марат Бекетаев министрліктің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
"Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі", - деп атап өтті ол.
Министрдің сөзінше, аталған заң жобасында әкімшілік құқық бұзушылықтың 150-ден аса түрі бойынша айыппұл санкциясының мөлшерін азайту, ескерту түріндегі әкімшілік жазаны көздейтін баптарды көбейту жеңілдететін мән-жағдай анықталған жағдайда, сотқа, органға (лауазымды тұлғаға) лауазымды және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік айыппұлдың соммасын 30% дейін қысқартуға рұқсат беретін нормаларды қолдану тәртібін регламенттеу ұсынылған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024