Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда криптовалюта туралы заңнама құрастырылады

Қазақстанда криптовалюта туралы заңнама құрастырылады

Алматы. 14 шілде. 7kun.kz - Қазақстандағы криптовалюталық транзакцияларды реттейтін заңнаманы құрастырумен жұмыс тобы айналысады. Бұл туралы 7kun.kz хабарлады.

Олардың құрамына "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), "Делойт", Waves, Juscutum және "Кесарев Консалтинг" кіреді.

Бұл компаниялар тобы құқықтық құжаттарды ғана емес, блокчейн-технологияларын, криптовалютаны және блокчейн жобаларын пайдалануға арналған платформалар құрастырады.

Компанияның мәліметінше, қаржы институттарының жылдам өсіміне қарамастан, реттеуші құжаттары жоқ. "Қазақстан крипловалюталық жүйені мемлекеттік деңгейде дамытудың маңыздылығын мойындаған екінші мемлекет (бірінші Жапония мойындаған).

"Цифрлі валюта нарығының АХҚО базасында дамуы Қазақстанның цифрлі экономикасы үшін толыққанды экожүйені құрудың алғашқы қадамы", - деп атап өтті серіктес компания "Кесарев Консалтинг"-тің басшысы Наталья Шейко.

Похожие материалы