Астана. 27 наурыз. 7kun.kz - Мәжілістегі Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов әлеуметтік салық төмендеуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 2010 жылдан бері елімізде салық жүктемесі біртіндеп төмендетіліп келді және қазіргі уақытта мүмкіндігінше аз көлемде салынады.
«5 пайыздық зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік-медициналық сақтандыру төлемдері бойынша қабылданған шешімдерге байланысты жалақы қорына жүктеменің арта түсетіндігімен түбегейлі келісемін. Бұл бізді алаңдатып қана қоймай сонымен бірге қорды қалай қысқарту керегін ойландырып та отыр. Әзірленіп жатқан Салық кодексі аясында біз салық жүктемесінің қандай элементтерін төмендетуге болатындығын ойластыратын боламыз. Әзірше, зейнетақы жүйесін, медициналық қамсыздандыруды қоғамдық қайта теңгерімдеусіз төмендетуге болатын жалғыз элемент - бұл әлеуметтік салық болып тұр. Оны төмендетуді ойластыратын шығармыз», - деді депутаттардың осы мәселеге қатысты сұрағына жауап берген Сүлейменов.
Айта кетейік, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 355-бабына сәйкес, жеке кәсiпкерлер; жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар, қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа сәйкес, тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын, филиал немесе өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024