Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда құмар ойын бизнесі 11 млрд теңге салық төледі

Қазақстанда құмар ойын бизнесі 11 млрд теңге салық төледі

Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz – Қаңтар-қарашада ойын бизнесі 11,3 млрд теңге салық төледі. 2017 жылы бұл көрсеткіш 14,1 пайызға артты, деп хабарлайды LS.

Республикалық бюджетке келіп түскен кіріс казинодан, құмар ойын алаңдарынан, лотереялардан, букмекерлерден болды. Ал, 2016 жылдың 11 айында ойын бизнесі 9,9 млрд теңге салық төленген.

Түсімдердің ең үлкен көлемі Алматы облысына (6 млрд теңге) және Алматыға (1,6 млрд теңге) тиесілі. Ақмола облысында 931,7 млн теңге, Астана қаласы бойынша 684,9 млн теңге, Оңтүстік Қазақстан облысында - 472,7 млн теңге, Маңғыстау облысында - 297,3 млн. Өз кезегінде, Атырау облысынан 256,2 млн теңге, Жамбыл облысынан 184 млн теңге, Ақтөбе облысынан 179,9 млн теңге, ШҚО-дан 137,9 млн теңге, БҚО-дан 132,6 млн, Павлодар облысынан 113,1 млн теңге салық алынды.

Сонымен қатар, Қарағанды ​​облысындағы ойын мекемелері 102,9 млн теңге, Қызылорда облысында 93 млн теңге, Қостанай облысында 89,9 млн теңге, СҚО-нда 51,1 млн теңге салық төленді.

Мемлекеттік кіріс комитетінің деректері бойынша жеті жыл ішінде бұл салық бойынша төлем 3,3 есе өсті.

Похожие материалы