Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау шілде айымен салыстырғанда тамызда машина жасау ісі 119%-ға өскенін мәлімдеді. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
«Алғашқы бес жылдықта аталған сала ең үздік өсу динамикасын көрсетті. Өндіріс саласының көлемі 3 еседенде артық өсті. Динамикалық тез дамып жатқан жаңа секторлар пайда болды. 6-сектор машина жасау ісіне меншіктеліп берілді. Импорттың орнын экспорт алмастырды. Экспорт жұмысы өз ісін бастап кетті», - деді А.Рау.
Алайда, вице-министр экономика жағдайының қиындауы саланың дамуына кедергі болып отырғанын жеткізді.
«Мұнай бағасы төмендегеннен кейін ішкі сұраныстың біраз қысылатынын біз білдік. Егер жыл басындағы көрстекішті алатын болсақ, өндіріс 29%-ға түсіп кетті, бірақ шілде-тамыз айында 119%-ға қайта көтерілді. Дағдарыстан есеңгіреп қалған соң бірден қалпына келтіру үшін әрекет жасадық. Авто өндірісі өзінің үздіксіз өсуін қалпына келтірді», - деді вице-миниср.
А. Раудың мәлімдеуінше, Астанада өткен машина жасау ісінің ІІІ-ші форумы шетелдік әріптестермен бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. «Біз машина жасау нарығын рұқсат етілген әдістермен қорғаумыз керек. Сол себепті, осы салада тәжірибе алмасу қызықты болады. Шаралар ішкі транспорт саласында үндесу керек», - деп мәлімдеді А.Рау.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024